Неймар күтпеген мәлімдеме жасады

©Football.ru

Бразилия құрамасы мен ПСЖ шабуылшысы Неймар 2022 жылы Катарда өтетін футболдан әлем чемпионаты карьерасындағы соңғы әлемдік біріншілік болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Евроспорт".

"Бұл мен үшін соңғы әлем чемпионаты сияқты. Өйткені футбол ойнауды жалғастыруға күш-жігерім таусылғандай көрінеді. Сондықтан алдағы турнирде еліммен бірге жеңіске жетіп, бала кезгі арманымды орындауға барымды саламын. Қолымнан келеді деп ойлаймын", - дейді футболшы Neymar & The Line Of Kings Goal деректі филімінде.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар