Неймар қарсыласын бетінен ұрды. ПСЖ мен "Марсель" матчі жаппай төбелеспен бітті

14 қыркүйек 2020 14:48
Сурет: Football.ua
Франция чемпионатының екінші турында "Марсель" сырт алаңда "Пари Сен-Жермен" командасын ұтып кетті.

Париждегі "Парк де Пренс" стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Жалғыз голды 31-ші минутта Флориан Товен салды

Ал қосымша уақыт аяқталарда қарсылас командалар жаппай төбелесті. Салдарынан париждіктерден үш ойыншы (Лейвин Курзава, Неймар, Паредес), ал марсельдіктерден екеуі (Дарио Бенедетто, Жордан Амави) алаңнан қуылды. Неймар "Марсель" қорғаушысы Альваро Гонсалестің бетінен тартып жібергені үшін қызыл қағаз алды.  



Алаңнан кетіп бара жатып, Неймар төрешінің біріне Гонсалес нәсілдік тұрғыда ар-намысына тигенін айтты. 



Осылайша, ПСЖ Лига 1 жарысындағы алғашқы екі ойында да ұтылды.