Футбол
Бүгін 11:44

Неймар карьерасын аяқтау туралы ойын айтты

©Depositphotos.com/DURAOFOTO

"Сантос" клубы мен Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар өзінің болашағына қатысты пікір білдіріп, карьерасын жалғастыру мәселесі бойынша әлі нақты шешім қабылдамағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Неймардың бар назары "Сантоста"

Бразилиялық футболшының айтуынша, қазір ол барлық назарын өз клубындағы ойындарына аударған.

"Мен карьерамды аяқтау туралы ойлап жүрген жоқпын. "Сантоспен" желтоқсан айының соңына дейін келісімшартым бар. Сол уақытқа дейін клуб үшін қолдан келгеннің бәрін жасағым келеді. Одан кейін барлық нұсқаларды қарастырамын. Қаламын ба, кетемін бе, карьерамды аяқтаймын ба, әлде әрі қарай ойнаймын ба – әзірге білмеймін. Желтоқсанға дейін әлі уақыт бар. Көре жатармыз", – деп береді Неймардың сөзін журналист әрі инсайдер Фабрицио Романо X әлеуметтік желісінде.

Алда қандай шешім қабылдайды?

Неймар 2025 жылы туған клубы "Сантосқа" қайта оралды. Оның қазіргі келісімшарты 2026 жылдың соңына дейін жасалған. Осы маусымда 34 жастағы шабуылшы 16 матчқа қатысып, 8 гол соқты.

Карьерасында ол сондай-ақ "Барселона", "Пари Сен-Жермен" және Сауд Арабиясының "Әл-Хиләл" клубтарының намысын қорғады.

ӘЧ-2026 аяқталғаннан кейін Неймар халықаралық карьерасын аяқтайтынын жариялап, Бразилия құрамасындағы ойындарын тоқтатты. Неймар Бразилия ұлттық құрамасы сапындағы алғашқы матчын 2010 жылы өткізді. 16 жыл ішінде ол ұлттық құрама үшін 130 матч өткізіп, 80 гол соқты және 59 нәтижелі пас берді.

Қазіргі таңда Неймар Бразилия құрамасы тарихындағы ең үздік бомбардир болып саналады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport