ПСЖ футболшысы Неймарға тиесілі жекменшік ұшақ Бразилияда апаттық жағдайда қонды, деп хабарлайды Goal.
Мәлімте бойынша, әуе кемесі Барбадостан Сан-Паулуға ұшқан. Ұшу кезінде пилот кабинасындағы алдыңғы терезе бүлінгені анықталған. Осылайша, ұшақ Боа-Вистеге қонып, екі сағат жөндеу жүргізілген.
Ұшақта болған футболшы, қарындасы Рафаэлла Сантос және сүйіктісі Бруна Бьянкарди зардап шекпегені хабарланды.