Неймар және ПСЖ-ның тағы екі ойыншысы коронавирус жұқтырды

Сурет: futbik.com
Франциялық "Пари Сен-Жерменнің" бразилиялық футболшысы Неймардан коронавирус табылды, - деп хабарлайды "Р-Спорт" франциялық L'Equipe басылымына сілтеме жасап.

Клуб командада COVID-19 жұқтырудың үш жағдайы анықталғанын растады, бірақ ойыншылардың аты-жөндерін жарияламады. Газет тілшілерінің жазуынша, науқас футболшылар - Неймар, Анхель Ди Мария және Леандро Паредес.

Бұған дейін L'Equipe ПСЖ-ның бірқатар ойыншысы бірнеше күн демалыста Ибицада болғанын, содан кейін олар Парижге оралғанын хабарлаған. Олардың қатарында жоғарыда аталған футболшылар да болған. Олар сол жерде вирус жұқтырған болуы мүмкін. Енді ойыншылар бір апта карантинді сақтайды.

ПСЖ-ның келесі матчі 10 қыркүйекте өтеді. Франция чемпионатының екінші туры аясында париждіктер "Ланспен" кездеседі.
Жаңалықтар