Неймар гол салды. Бразилия Америка кубогын ірі жеңістен бастады

Сурет: Reuters

Бразилия құрамасы Америка кубогында Венесуэланы 3:0 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Гол салғандар Маркиньос (23-ші минут), Неймар (64, пенальти) және Габриэл Барбоза (89-шы минут). Сонымен қоса, бір гол Неймардың ассистімен салынды.

Осы жеңіс арқасында Бразилия үш ұпаймен В тобында көш бастады, ал Венесуэла бесінші болды.

Еске салайық, 2021 жылғы Америка кубогы Колумбия мен Аргентинадан Бразилияға ауыстырылды. Бұған себеп - Колумбиядағы наразылықтар мен Аргентинадағы эпидемиологиялық жағдай.

Жаңалықтар