Неймар Бразилияның плей-офф кезеңіндегі матчке қатыспауы мүмкін

3 желтоқсан 2022 15:49
©twitter.com/neymarjr

Қатардағы өтіп жатқан әлем чемпионатының плей-офф кезеңі басталғанша Неймардың жарақаты толық жазылмауы мүмкін, деп жазады Globo Esporte порталы. 

1/8 финалда Бразилия құрамасы Оңтүстік Кореяға қарсы кездесуге қарсы ойын өткізеді. Бұл матч 5 желтоқсаннан 6 желтоқсанға ауысқан түні болады. 

Бразилия құрамасы дәрігері Родриго Ласмарға сілтеме жасап дереккөздің таратқан ақпараты бойынша, Неймар доппен жаттығуға тек 3 желтоқсан күні кіріседі. Содан соң дәрігерлер оның жағдайын тағы тексереді. Осыдан кейін ғана бапкерлер нақты шешім шығарады. 

Еске салайық, Неймар топтық кезеңде Сербияға (2:0) ойында жарақат алған еді. Содан соң екі кездесуге қатыспады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар