Футбол
18 маусым 2021 09:41

Неймар Бразилияға Америка Кубогында Перу командасын ойсырата жеңуге септесті

Сурет: terra.com.br

Рио-де-Жанейродағы "Олимпико Нилтон Сантос - Энженьян" стадионында Америка кубогы B тобындағы Бразилия мен Перу арасында екінші тур матчі өтті, деп хабарлайды "Чемпионат".

Ойын 4:0 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.

Ойындағы есепті 12-ші минутта Бразилия құрамасының қорғаушысы Алекс Сандро ашты. Екінші тайм ортасында Неймар гол салды, ал кездесу аяғына таман Эвертон Рибейро мен Ришарлисон басымдықты арттырды.

Еске салайық, бірінші турда Бразилия құрамасы Венесуэланы ұтты (3:0). B тобындағы турнир кестесінде Тите жаттықтыратын команда алты ұпаймен бірінші келеді. Одан кейін Колумбия (4), ал Венесуэла үшінші (1).