Бразилия футбол федерациясы (CBF) "Сантос" клубының шабуылшысы және Бразилия құрамасының тарихтағы үздік сұрмергені Неймардың денсаулығына қатысты жаңа ақпарат жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Неймарға не болды?8 маусым, дүйсенбі күні футболшы магнитті-резонанстық томографиядан (МРТ) өтті. Тексеру нәтижелері оның қалпына келу процесінде оң динамика бар екенін көрсетті.
Ұйым мәліметінше, оңалту үдерісі жоспарға сай жүріп жатыр. Неймар жеке бағдарлама бойынша жұмысын жалғастырып, Бразилия құрамасының медициналық штабының бақылауында болады.
Әлем чемпионатының басын өткізіп алуы ықтимал"Неймар дүйсенбі күні МРТ тексеруінен өтті, нәтижелер оның қалпына келуінде жақсы прогресс бар екенін көрсетті - күтіп отырған параметрлер шегінде. Ол Бразилия футбол құрамасының медициналық комиссиясы бекіткен жоспарды ұстанады", - делінген ұйым хабарламасында.
Мамыр айының соңында Неймарға балтыр бұлшықетінің екінші дәрежелі жарақаты диагнозы қойылған. Бастапқыда оның қалпына келу мерзімі екі-үш апта аралығында болады деп бағаланған.
Неймар ұлттық команданың тарихындағы ең үздік сұрмерген - оның еншісінде 79 гол бар.
2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде бразилиялықтар 14 маусымда Мароккоға, 20 маусымда Гаитиге қарсы ойнайды, ал 25 маусымда Шотландия құрамасымен кездеседі.