Неймар болашағын байланысты нақты шешім қабылдады

©Reuters

Франциялық "Пари Сен-Жермен" командасының шабуылшысы Неймар болашағына байланысты жоспарын айтып берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Шабуылшы ПСЖ сапына 2017 жылы "Барселонадан" әлем футболында рекортдық көрсеткіш болған 222 миллион еуроға ауысты. 

"Менің алға қойған мақсаттарым бұрынғыдай. Барлық жарысты жеңу. ПСЖ командасымен Чемпиондар лигасы ма? Әрине, мүмкін. Менің клубпен келісімшартым бар. Сондықтан мен келісімшарт аяқталғанға дейін осында ойнаймын" - деп келтіреді Неймардың сөзін Сanal+. 

2021/22 жылғы маусымда Неймар 28 кездесуге қатысып, 13 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді. Оның ПСЖ командасымен келісімшарты 2025 жылдың 30 маусымында аяқталады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар