Неймар "Барселонаға" оралатынын ПСЖ футболшыларына ашық айтып жүр

Сурет: FootBoom
Франциялық "Пари Сен-Жермен" және Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар каталондық "Барселонаға" оралуды аңсап жүр, - деп хабарлайды Mundo Deportivo.

Мәлімет бойынша, форвард испаниялық клубты сағынғаны туралы париждік командадағы достарына да ашық айтып жүр екен. Алайда Неймар "Барсамен" келіссөз жүргізіп жатыр ма, ол жағы белгісіз. 

Команда ішіндегі іріткі. Неймар ПСЖ басшылығына қарсы шықты

Мұның адында "Барселона" бразилиялықтың трансферінен бас тартқан. Өйткені ПСЖ Неймар үшін 175 миллион еуро сұрап отыр. Ал қазіргі дағдарыс жағдайында бұл тым үлкен сомма. 

Неймар ПСЖ сапына 2017 жылы "Барселонадан" ауысқан. Трансфер үшін төленген рекордты 222 миллион еуро Неймарды сол кезде ең қымбат футболшы еткен еді.

Биылғы маусымда 28 жастағы форвард 15 матчте 13 гол салып, алты әтижелі пас берді.