Неймар "Алтын доптың" нәтижелерімен келіспейтінін айтты

©ПСЖ ФК

"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Неймар "Алтын допқа" дауыс беру нәтижесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Еuro-football.ru сайты. 

Жүлдені мадридтік "Реал" шабуылшысы Карим Бензема алды, "Бавария" шабуылшысы Садио Мане екінші орында, ал "Манчестер Ситидің" жартылай қорғаушысы Кевин де Брюйне үздік үштікті түйіндеді.

Неймардың ойынша, рейтинг сәл басқаша болуы керек еді: "Бензема, сен оған лайықсың, - деп жазды бразилиялық әлеуметтік желілерде. – Винисиус - сегізінші? Бұл мүмкін емес. Ол кем дегенде үшінші болуы керек", - деп жазды "ПСЖ" ойыншысы құрамадағы әріптесін жақтап.

Винисиус Жуниор кейінгі маусымда "Реал Мадрид" сапында 52 ойында 22 гол соғып, 20 нәтижелі пас берген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар