Футболдан Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар әлем чемпионаты барысында алған жарақатына қатысты мәлімдеме жасады. Енді ол осы жарақатына байланысты топтық кезеңде Швейцария мен Камерунға қарсы кездесуге қатыспайды.
Бразилиялық G тобында Сербияға (2:0) қарсы кездесуде жарақат алды.
"Бразилия құрамасының жейдесін киген қандай мақтаныш екенін түсіндіре алмаймын. Егер Құдай маған қай елді таңдайсың десе, ойланбастан Бразилия дер едім.
Менің өмірімде еш нәрсе оңай келмеді. Мақсатыма үнемі еңбектің арқасында жетіп келемін. Ешқашан ешкімге жамандық тілеген емеспін. Мұқтаж жандарға көмектесіп келемін.
Бұл менің карьерамдағы ең қиын күндердің бірі болды. Әлем чемпионатында тағы жарақат алдым. Иә, ашуым келді. Қиын. Бірақ мен Қатарда алаңға қайта оралатыныма сенімдімін. Ол үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын. Өз командама, әріптестеріме және өзіме көмектесу үшін", - деді Неймар.