"Сантос" шабуылшысы Неймар Бразилия құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатына дайындығы қарсаңында тағы да денсаулығы гәп шықты, деп хабарлайды Vesti.kz Ge Globo-ға сілтеме жасап.
Дереккөз мәліметінше, футболшының оң жақ балтыр бұлшықетінде ісік анықталған.
Жарақат аса ауыр емес, алайда 34 жастағы шабуылшыға қалпына келу курсын өтіп, жаттығу жүктемесін уақытша азайту қажет болады. Қазіргі уақытта Неймар "Сантос" клубының базасында медициналық штабтың бақылауымен оңалту шараларынан өтіп жатыр.
Сонымен қатар, футболшының жағдайын Бразилия футбол конфедерациясының мамандары да мұқият бақылауда ұстап отыр.
Неймардың қашан оралатыны белгілі болды
27 мамырға қарай Неймар толыққанды жаттығуға қайта оралып, Бразилия құрамасына 2026 жылғы әлем чемпионаты алдындағы жаттығуға қосылады.
Алайда Неймардың диагнозы Бразилия футбол конфедерациясының дәрігерлері мен бас бапкер Карло Анчелоттидің көмекшілерін алаңдатып отыр.
Анчелотти "Сантос" шабуылшысын 31 мамырда "Мараканада" өтетін Панамаға қарсы жолдастық матчтың негізгі құрамында шығаруды жоспарлаған болатын. Бірақ енді италиялық маман жоспарларына өзгеріс енгізуге мәжбүр. Неймардың бұл ойынға қатысуы әзірге белгісіз.
Айта кетейік, бұған дейін Карло Анчелотти Неймарды Бразилия құрамасының ӘЧ-ге қатысатын құрамның соңғы тізіміне енгізген еді. Сонымен қатар, италиялық маман шабуылшыға бірқатар қатаң талап қойғаны хабарланған.
Топтық кезеңде Бразилия құрамасы Марокко, Гаити және Шотландиямен кездеседі. Неймар - Бразилия құрамасы тарихындағы ең үздік сұрмерген, оның еншісінде 79 гол бар.
Жарнама