Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы матчына қатысуда, деп хабарлайды Vesti.kz.
Турнир басталғалы ұлттық құрама сапында болғанымен, тәжірибелі футболшы жарақатынан толық сауығу процесін жалғастырып келген еді.
Неймар үшін дебюттік ойын топтық кезеңнің соңғы турында Шотландияға қарсы кездесуде өтуде. Ол матч хаттамасына қосалқы ойыншы ретінде енгізіліп, 76-минутта алаңға шықты. Бразилия құрамасының көшбасшысы гол авторы Матеус Куньяның орнына ойынға қосылды.
Осы сәтте бразилиялықтар 3:0 есебімен алда келе жатыр. Команданың жеңісіне Винисиус Жуниор үлкен үлес қосып, дубль авторы атанды.
Жарнама