Нео сияқты. Ибрагимович допты "Матрицадағыдай" тоқтатты

©REUTERS
Италиялық "Милан" шабуылшысы Златан Ибрагимович команданың жаттығуы кезінде допты игерудің керемет техникасын көрсетті. Форвард допты "Матрицадағы" Нео стилінде тоқтатты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Удинезеге қарсы ойынн (3:2) алдында Ибрагимович тағы бір трюк жасады. Швед футболшысы допты кеудесіне қойып, екі аяғын бүгіп, жерге дейін шалқайды. Осы сәт видеодан кейін желіде Златанды Неомен ("Матрица" кейіпкері) салыстырды. 




Ибрагимович "Миланға" 2020 жылы қаңтарда еркін агент ретінде оралды. 38 жастағы футболшы Италия чемпионатында үш (екеуін негізгі құрамда) ойынға қатысып, бір гол соғып үлгерді.