Ненад Эрич "Манчестер Юнайтедке" қарсы матчте "Астана" рекордын орнатты

Ненад Эрич. © "Астана" ФК
"Манчестер Юнайтедке" қарсы Еуропа лигасындағы матч "Астана" капитаны әрі қақпашысы Ненад Эрич үшін рекордты болды, - деп хабарланған клубтың ресми сайтында.

L тобындағы бесінші тур ойыны 2:1 есебімен аяқталды.

Эрич командадағы үш жүзінші ойынын өткізді, ол клуб тарихында бұл межеге алғашқы болып жетті.

Еске салайық, қақпашы "Астана" сапына 2011 жылы ауысты. Содан бергі тоғыз маусымда ол алты рет Қазақстан чемпионы атанды. 
Жаңалықтар