Ненад Эрич "Астанаға" келуі мүмкін

©Астана ФК

"Астананың" экс қақпашысы Ненад Эрич елордалық клубқа қайта келуі мүмкін, деп жазады "СпортРадар.kz".

"Жаңа жылдан бастап "Астана" клубының бапкерлік штабына ұлттық құрама мен елордалықтардың бұрынғы қақпашысы Ненад Эрич қосылуы мүмкін. Келген жағдайда сөзсіз қақпашылармен жұмыс істейтіні түсінікті", - деп жазады басылым.

Еске салайық, 40 жастағы Эрич Қазақстан чемпионатында "Қайрат" пен "Астана" командаларында өнер көрсетті. "Астана" сапында 6 рет Қазақстан чемпионы атанды. 2 рет Кубок және 3 мәрте Суперкубокті жеңді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport