"Немқұрай қарауға болмайды". Ирандық жанкүйерлер Құрбан Бердыевті сынға алды
"Трактор" футбол клубының жанкүйерлері бас бапкер Құрбан Бердыевтің қызметінен кеткеніне қатысты ойларын айтты, деп жазады KazFootball.kz.
"Трактор" футбол клубының жанкүйерлері бас бапкер Құрбан Бердыевтің қызметінен кеткеніне қатысты ойларын айтты, деп жазады KazFootball.kz.
"Иран чемпионатына келгелі біздің командаға еш пайдасын тигізбеді".
"Біздің басшылық оған үлкен клубты сеніп тапсырды. Маусымның қақ ортасында жұмысын тастап кетіп қалғаны дұрыс болмады".
"Тіпті 15 ұсыныс келіп тұрса да басқа жаққа кетіп қалуға болмайды. Келісімшарт жасасқанда осы жағын ескеру керек еді".
"Команда оқу-жаттығу жиындарына кетті деп жүрсек. Бапкер сол күйі келмей қалыпты".
"Осы біздің клубқа бапкер келсе неге келісімшарты аяқталмай жатып кетіп қала береді?".
"Жұмысына немқұрайлы қарауға болмайды. Біздің команданы сыйламағаны көрініп тұр"
Еске салайық, 70 жастағы Бердыев осыған дейін "Қайратта" жұмыс істеді. 2021-2022 жылдары клуб тізгінін ұстап, маусым ортасында Иран чемпионатына кетіп қалған еді. Белгілі болғандай Құрбан Бердыев "Трактордан" кетіп, Ресейдің "Сочи" клубын жаттықтыратын болды.
Жарнама