"Назар салуға тұрарлық". Eurosport Еуро-2020 іріктеуіндегі голдарын атап өтті

Сурет: ҚФФ сайтынан

"Қазақстан Сан-Марино қақпасына Ресейден бес гол кем салды, дегенмен олар назар салуға тұрарлық". Eurosport порталында Михал Билек жаттықытратын команданың Еуро-2020 іріктеу кезеңіндегі жеңісіне қатысты мақала осындай тақырыппен шықты.

Құрамалар кездесуі "Астана Аренада" өтіп, 4:0 есебімен аяқталды.

"Бірінші тайм соңында есепті Исламбек Қуат ашты.

61-ші минутта Максим Федин есепті еселеді.

Ал Гафуржан Сүйімбаев есеп басымдығын арттырды.

Бұл матчтің нүктесі 79-ші минутта қойылды, Бауыржан Исламхан осы кездесудің соңғы голын соқты", - делінген ескермеде.

Қазіргі таңда бұл топта 12 ұпаймен Бельгия бірінші келеді. Ары қарай тоғыз баллмен Ресей, ал Қазақстан (6) үштікті тұйықтап тұр.