"Натурализацияға қарсымыз, әрқайсы бір қазақ баласының орнын алып отыр". Қазақстандық футзал жұлдыздарымен ашық сұхбат

Сурет: Vesti.kz©

Футзалдан Қазақстан құрамасында нәтиже тек бразилиялықтарға байланысты деген пікір бар, ал шындығында бұл жаңсақ ой. Дәурен Тұрсағұлов және Біржан Оразов біздің футзал мен "Қайрат" клубы үшін маңызы мен өз орны барын дәлелдеген ойыншылардың бірі.

Vesti.kz порталының Youtube арнасына берген сұхбатында Аягөз қаласының тумалары неге үлкен футболға бармағанын, Испанияда ойнау мүмкіндігі мен шетелдік футболшыларға ел азаматтығын беру туралы не ойлайтынын айтты.