"Наполи" мен "Барселона" матчында алты гол соғылды

©Барселона ФК

Еуропа Лигасының алғашқы плей-офф раундында "Наполи" мен "Барселона" кездесіп, матчта алты гол соғылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Бір апта бұрын "Камп Ноуда" жеңімпаз анықталмаса (1:1), бұл жолы испаниялықтардың қарқыны мықты болды.

"Барселона" сапында Жорди Альба (8-минут), Люк де Йонг (13), Жерар Пике (45) және Обамеянг (59) ерекшеленсе, "Наполиден" Инсинье (23-минут, пенальти) мен Маттео Политано (87) көзге түсті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport