1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 10:06
 

"Нани ештеңе істей алмады". "Қайрат" қорғаушысы "Манчестер Юнайтед" ойыншысы туралы

  Пікірлер

blog.share

"Нани ештеңе істей алмады". "Қайрат" қорғаушысы "Манчестер Юнайтед" ойыншысы туралы Александр Широбоков. Сурет: Әлихан Сариев©

"Қайраттың" қорғаушысы Александр Широбоков Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан чемпионатының екінші туры аясында "Ақтөбеге" қарсы өткен матч туралы пікір білдірді.

blog.share

"Қайраттың" қорғаушысы Александр Широбоков Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан чемпионатының екінші туры аясында "Ақтөбеге" қарсы өткен матч туралы пікір білдірді.

Алматылықтар өз алаңында 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жеңіс голын Дастан Сәтбаев соқты.

"Қарсылас өте тәжірибелі команда, қорғаныста жақсы ойнады, қорғанысын бұзу қиын болды. Дегенмен қауіпті сәттер болды, менің де екі мүмкіндігім болды, біреуінде нақты гол соғуға болатын еді. Одан кейін тартысты, өте шиеленісті ойын өрбіді, шүкір, Досик гол соқты. Жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді, атмосфера керемет болды, нағыз футбол мерекесін сезіндік.

Африконымен байланыс қалай болды ма? Жақсы, ойын алдында сөйлестік, ол жарады. Меніңше, Лукас та жақсы матч өткізді", — деді футболшы.

Сондай-ақ, "Қайраттың" орталық қорғаушысы "Ақтөбе" ойыншыларымен болған тартыстар жайында, соның ішінде португалиялық Луиш Нанимен қарсыласу туралы да айтты.

"Шушеначевпен дуэль? Иә, оңай болған жоқ, ол менен жарты бас биік, бірақ мен позициялық ойыным арқылы қарсы тұруға тырыстым.

Нани туралы айтсақ, біз ол жайлы алдын ала сөйлестік, ол кез келген сәтте қауіпті пас бере алады. Бірақ бақытымызға орай, біз оны толықтай бақылауда ұстадық, ерекше ештеңе жасай алмады. Иә, ол "Манчестер Юнайтедтің" ойыншысы болған, ол алаңға шыққанда бірден ойыма келді. Чемпиондар лигасынан кейін ешкім қорқынышты емес пе? Жоқ, кез келген қарсыласқа құрметпен қарау керек", - деп қорытындылады Широбоков.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!