"Ақтөбе" футбол клубы "Елімайды" ұтып, Қазақстан кубогының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ақтөбеде өткен матчта алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті. Жергілікті командаға жеңіс сыйлаған екі голды да команданың жұлдызды ойыншысы Луиш Нани соқты. 59-шы және 83-минутта мергендігімен көзге түсті.
"Елімайдың" бір голын 90+3 минутта Рамазан Оразов еншісіне жазды. Оның алыстан шиіре тепкен добы "Ақтөбе" қақпасының торында тулады. Сондай-ақ бұл кезде команда 10 ойыншымен қалған болатын. 86-минутта Марин Беланчич алаңнан қуылған болатын.
Айта кетейік, Луиш Нани "Ақтөбе" сапына осы маусымда ауысып келді. Португалдық футболшы кезінде "Спортинг", "Манчестер Юнайтед", "Фенербахче", "Валенсия", "Лацио", "Орландо Сити" секілді танымал клубтарда ойнаған.