Футбол
22 шілде 12:20
 

"Нағыз айуан". Әйгілі футболшы Роналду туралы шындығын айтты

  Пікірлер

blog.share

"Нағыз айуан". Әйгілі футболшы Роналду туралы шындығын айтты ©"Реал Мадрид" ФК

Италиялық "Фиорентина" клубының испаниялық қақпашысы Давид де Хеа Сауд Арабиясының "Әл-Наср" командасында өнер көрсететін португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдуның карьерасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Италиялық "Фиорентина" клубының испаниялық қақпашысы Давид де Хеа Сауд Арабиясының "Әл-Наср" командасында өнер көрсететін португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдуның карьерасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қақпашының айтуынша, Португалия құрамасының жұлдызы Роналдудың жасы оның физикалық жағдайы мен нәтижелеріне еш әсер етпейді. Көптеген замандастары футболды әлдеқашан аяқтаған шақта, Криштиану Роналду әлемдік футболдың шыңында қала беруде. Де Хеа үшін ең таңқаларлығы - шабуылшының жоғары деңгейдегі ойынын 20 жыл бойы сақтап келе жатқаны.

"Криштиану - нағыз жыртқыш. Бірақ мен сіздерге бұрыннан белгілі дүниені айтып тұрған шығармын, себебі бұл - қалыпты жағдай емес. Ол 40 жаста, бірақ әлі де гол соғып, титулдар жеңіп алып жүр. Ол шын мәнінде жарыстың жыртқышы. Оның өз денсаулығына қалай қарайтыны бөлек өнер. Тарихта ондайлар бір-екеу ғана болған шығар. Бір-екі жыл жақсы ойнауға болады, бірақ, жиырма жыл бойы жоғары деңгейде ойнау - мүлде басқа дүние", - деп береді де Хеаның сөзін Cronache di spogliatoio.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!