auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"МЮ" туриндік "Ювентуске" ұтылды, ал "Реал", "Бавария", "Сити" Чемпиондар лигасының матчтерінде жеңді

"МЮ" туриндік "Ювентуске" ұтылды, ал "Реал", "Бавария", "Сити" Чемпиондар лигасының матчтерінде жеңді
© Reuters
Чемпиондар лигасының топтық раундында үшінші турдың сегіз матчі өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Е тобында грекиялық АЕК германиялық "Бавариядан" ұтылды - 0:2. 61-ші минутта есепті Хави Мартинес ашты, ал 63-ші минутта Роберт Левандовски соңғы нүкте қойды.



Осы топта қатар өткен матчте голландиялық "Аякс" өз алаңында өткен ойынның соңғы минуттарында португалиялық "Бенфиканы" ұтты - 1:0. 93-ші минутта Нуссаир Мазрауи шешуші голды салды.



D тобындағы "Хоффенхайм" мен франциялық "Лион" арасындағы ойын ең тартысы болды - 3:3.

"Хоффенхайм" ойыншысы Андрей Крамарич 32-ші минутта гол салды да, 47-ші минутта дубль жасады, ал 92-ші минутта Жоэлинтон көзге түсті. "Лионда" 26-шы минутта Бертран Траоре, 59-ші минутта Танги Ндомбеле, ал 67-ші минутта Мемфис Депай гол салды.



Бұл топтағы өзге матч те тартысты өтті, Донецк "Шахтері" англиялық "Манчестер Ситиден" ұтылды - 0:3. Гол авторлары Давид Сильва, Эмерик Лапорт және Бернарду Силва.



Италиялық "Рома" мәскеулік ЦСКА командасын дәл осындай есеппен ұтты. G тобындағы матчте Эдин Джеко дубль жасады (30 және 40-шы минут), ал 50-ші минутта Дженгиз Ундер гол салды.



Мадридтік "Реал" сәтсіздіктер сериясын үзіп, "Виктория Пльзень" командасын ұтты - 2:1. Испаниялықтар сапында Карим Бензема және Маресло гол салды, ал чехиялықтардан Патрик Грошовски көзге түсті. 



Күннің орталық матчі Англияда өтті, мұнда Н тобындағы "Манчестер Юнайтед" италиялық "Ювентустен" ұтылып қалды - 0:1. 17-ші минутта жалғыз голды Пауло Дибала салды. 



Бұл топтағы өзге ойын екі сағат бұрын өтті, онда швециялық "Янг Бойз" өз алаңында испаниялық "Валенсия" ұпайларын алып қойды - 1.1. 26-шы минутта Миша Батшуйдің голы арқылы қонақтар алға шыққанымен, 55-ші минутта Гийома Оаро пенальтиде есепті теңестіре алды. 



Бүгін, 24 қазан Астана уақытымен 22:55-те "Брюгге" - "Монако" және ПСВ - "Тоттенхэм" матчтері басталады, ал 25 қазан 01:00 "Ливерпуль" - "Црвена Звезда", "Барселона" - "Интер", "Боруссия" (Дортмунд) - "Атлетико", ПСЖ - "Наполи", "Галатасарай" - "Шальке" және "Локомотив" (Москва) - "Порту" матчтері басталады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама