Норвегиялық жаттықтырушы Уле Гуннар Сульшер "Манчестер Юнайтедтен" келесімшарты аяқталмай жатып клубтан қуылғаны үшін өтемақы алды. Бұл туралы Goal.com сайты хабарлайды.
Сульшер қызметінен уақытынан ерте кеткені үшін қызыл сойқандардан 7 миллион фунт стерлинг алды. Ал оның көмекшілері 3 миллион фунт стерлинг өтемақы алды.
Еске салайық, Сульшер 2018-2021 жылдары "Манчестер Юнайтедтің" бапкері ретінде Еуропа Лигасының финалисі атанды. Сонымен қатар, өткен жылы Премьер-Лигада екінші орынға дейін көтерілді.