Футбол
Бүгін 10:33
 

МЮ соңғы матчінде 10 жыл болмаған көрсеткішін қайталап отыр

  Пікірлер

blog.share

МЮ соңғы матчінде 10 жыл болмаған көрсеткішін қайталап отыр ©globallookpress.com

"Манчестер Юнайтед" Англия Премьер-лигасының екінші турында "Ипсвичті" ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

"Манчестер Юнайтед" Англия Премьер-лигасының екінші турында "Ипсвичті" ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Манчестердегі "Олд Траффорд" стадионында өткен кездесу 5:2 есебімен аяқталды. Бір қызығы, алаң иелері матч барысында 0:1 есебімен ұтылып жатқан. Алайда кейін "Манчестер Юнайтед" таразы басын теңестіріп қана қоймай, анық жеңіске жетті.

МЮ сапында Бруну Фернандеш хет-трик жасады. Португалиялық жартылай қорғаушы 40, 61 (пенальтиден) және 68-минуттарда гол соқты. Сондай-ақ Бриан Мбемо 82-минутта көзге түсті. Жығылғанға жұдырық демекші, 56-минутта "Ипсвич" қорғаушысы Джейкоб Гривз автогол жасап алды.

Алаң қонақтары сапынан Лэйф Дэвис (29-минут) пен Чуба Экпом (90+1) гол соқты.

Stata Football мәліметінше, МЮ қарсылас қақпасына 33 соққы жасаған. Бұл "Манчестер Юнайтедтің" соңғы он маусымдағы АПЛ матчтарындағы ең жоғары көрсеткіші.

Бұл МЮ үшін жаңа маусымдағы алғашқы жеңіс болды. Майкл Кэррик шәкірттері үш ұпаймен турнир кестесінде оныншы орында тұр. Ал дәл осындай ұпайы бар "Ипсвич" 12-сатыға жайғасты.

Келесі турда "Ипсвич" 4 қыркүйекте өз алаңында "Ливерпульмен" ойнайды. Ал "Манчестер Юнайтед" 6 қыркүйекте сырт алаңда "Эвертонмен" кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!