Футбол
20 қыркүйек 2021 17:55

МЮ сапына қайта оралған Криштиану Роналду алаяққа алданды

© Сурет: www.jn.pt

"Манчестер Юнайдер" шабуылшысы Криштиану Роналду алаяқтың торына ілінді, деп хабарлайды Jornal de Noticias португалиялық басылымы.

Турагент әйел үш жыл бойы футбол жұлдызын алдап, осы уақыт аралығында оның есебінен 288 мың еуро шешіп үлгерген. Бір кездері португалиялық ойыншы оған есепшот мәліметтері мен бірқатар құжаттарын берген. Алаяқ әйел жалпы 200 cаяхатқа жұмсалуы тиіс ақшаны жымқырған. Алайда Роналду ол саяхаттардың біріне де бармаған.  

Айта кетерлігі, осы турагентке Нани мен Мануэль Фернандеш сынды футболистер де алданған.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport