Майкл Каррик жетекшілік ететін "Манчестер Юнайтед" Льюис Холлды "Ньюкасл" сатуға ниеті болмағандықтан, сол қапталдағы қорғаушыны іздеуді күшейтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
CaughtOffside мәліметінше, манчестерлік клубтың ендігі көздеп отырғаны - "Расинг" сапындағы 19 жастағы испаниялық Хорхе Салинас. "Манчестер Юнайтедтің" сараптамалық бөлімі футболшының әлеуетін жоғары бағалап отыр. Ал оның келісімшартындағы өтемақы сомасы небәрі 16 миллион еуроны (13,7 миллион фунт) құрайды.
Сонымен қатар Салинасқа каталониялық "Барселона" мен мадридтік "Атлетико" қызығушылық танытып отыр. "Манчестер Юнайтедтің" осы позициядағы қысқа тізімінде Давид Раум, Майлз Льюис-Скелли және Хоакин Сейс те бар.
Сонымен қатар клуб жартылай қорғау шебін күшейту бойынша ірі трансферді аяқтағысы келеді.
The Guardian мәліметінше, "Манчестер Юнайтед" "Брайтон" жартылай қорғаушысы Карлос Балеба үшін 60+5 миллион фунт көлемінде ұсыныс жасаған. Камерундық футболшы манчестерлік клубпен жеке келісімшарт талаптарын алдын ала келісіп қойған.
Екі трансфер де "Манчестер Юнайтедтің" құрамды жасарту және танымал футболшылар үшін артық ақша төлемеу бағытындағы жаңа стратегиясына толық сәйкес келеді.