Футбол
Бүгін 18:07

МЮ Роналуддың рекордын қайталаған Бруну Фернандешке жаңа ұсыныс жасады

©instagram.com/manutd

"Манчестер Юнайтед" Бруну Фернандешті командада ұстап қалуды көздеп отыр және португалиялық футболшыға келісімшартын ұзартуды ұсынды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Инсайдер Николо Скираның мәліметінше, жаңа келісімшарт 2029 жылға дейін есептелген. "Юнайтед" Фернандешті әлі де команданың негізгі ойыншыларының бірі санайды және клубтың алдағы жоспарларын онымен байланыстырып отыр.

Айлығы ең жоғары төленетін келісімшарт

The Sun басылымының хабарлауынша, "Манчестер Юнайтед" португалиялық футболшыға аптасына шамамен 350 мың фунт стерлинг жалақысы бар келісімшарт ұсынуды жоспарлап отыр. Бұл жағдайда Фернандеш командадағы айлығы ең жоғары ойыншы болады.

Қазір Фернандеш аптасына шамамен 300 мың фунт стерлинг алады. Ал МЮ құрамында қазір ең көп еңбекақы алып отырған футболшы - Маркус Рэшфорд, оның апталық табысы 325 мың фунт стерлинг.

АПЛ-дің үздік ойыншысы

Еске салайық, Фернандеш 2020 жылдан бері "Манчестер Юнайтед" сапында өнер көрсетіп келеді. Клубпен бірге Англия кубогі мен Англия лигасы кубогін жеңіп алған. Сонымен қатар өткен маусымның қорытындысы бойынша АПЛ-дің үздік футболшысы атанды.

Португалиялық футболшының қазіргі келісімшарты 2027 жылға дейін жарамды. Оның трансферлік құны 35 миллион еуроға бағаланып отыр.

Айта кетейік, жақында Фернандеш АПЛ аясында "Ипсвичпен" матчта (5:2) хет-трик жасады. Бұл оның "Манчестер Юнайтед" сапындағы үшінші хет-тригі болды. Осы көрсеткіш бойынша манкуниандық клубтың капитаны әйгілі отандасы Криштиану Роналдумен теңесті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport