"МЮ" Роналдудың орнын басатын ойыншыларды таңдады

©Readfootball.com

"Манчестер Юнайтед" португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду командадан кеткен жағдайда шабуылды кіммен күшейтетінін шешті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Daily Express мәліметінше, "қызыл сойқандар" Себастьен Аллер ("Аякс"), Дарвин Нуньес ("Бенфика") немесе Лаутаро Мартинесті ("Интер") қатарына қоспақ.

 27 жастағы Аллер нидерландылық командада 2021 жылдың қаңтарынан бері өнер көрсетеді. Осы маусымда ивуар шабуылшысы 40 матчте 33 гол соғып, 9 нәтижелі пас берген. Transfermarkt ойыншының нарықтағы құнын 30 миллион еуроға бағалап отыр.

22 жастағы Нуньес осы маусымдағы 40 ойында 34 гол соғып, төрт нәтижелі пас берген. Шабуылшының құны - 40 миллион еуро.

Ал 24 жастағы Мартинес 2018 жылдан бері италиялық команда намысын қорғайды. Осы маусымда шабуылшы барлық турнирде 45 матч өткізіп, 21 гол мен үш нәтижелі пастың авторы болған. Transfermarkt футболшыны 70 миллион еуроға бағалайды.

37 жастағы Роналду "МЮ" сапына былтыр жазда оралған. Оның клубпен келісімшарты 2023 жылға дейін есептелген. Осы маусымда ол барлық турнирде 37 матчқа қатысып, 23 гол соғып, үш нәтижелі пас берген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport