"МЮ" Роналдудың орнын басатын ойыншы тапты

23 қыркүйек 2022 12:31
©МЮ

"Манчестер Юнайтед" басшылығы Криштиану Роналдудың орнын басатын ойыншы тапты, деп жазады Vesti.kz тілшісі Manchester Evening News сайтына сілтеме жасап.

Басшылық "Наполидің" нигериялық шабуылшысы Виктор Осимхенді қатарға қосуды жоспарлап отыр. Ағылшын клубы 23 жастағы футболшы үшін 100 миллион еуро төлеуге дайын.

Роналдудың "қызыл сойқандармен" келісімшарты 2023 жылдың жазына дейін жасалған.

Осимхен "Наполи" сапында 2020 жылдан бері ойнап келеді. Ол осы уақыт аралығында 65 матчта 30 гол салып, он рет нәтижелі пас берді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар