"МЮ" Роналдудың орнын басатын футболшы ПСЖ командасынан тапты

©twitter.com/Cristiano

Ағылшындық "МЮ" командадан кететін Криштиану Роналдудың орнына ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппені алуды көздеп отыр. 

"МЮ" қыста Роналдуды босатуы мүмкін. Оған басты себеп - шабуылшының клубтың рұқсатынсыз Пирс Морганға берген сұқбаты болды. Онда Роналду клубты сынап, бас бапкер Эрик тен Хагты сыйламайтынын айтқан. 

Ал қазан айында Marca басымылы Килиан Мбаппені ПСЖ сапынан кеткісі келетінін жазған. Бірақ француз шабуылшысының өзі мұны кейін жоққа шығарды. 

Mirror басылымының ақпараты бойынша, Роналдудың сұқбатынан кейін "МЮ" Мбаппенің трансферіне қайта кірісіпті. Ағылшындық команда Килиан үшін 170 миллион еуро төлеуге дайын. Сонымен қатар, "МЮ" клубта Роналду ғана алатын аптасына 500 мың фунт стерлинг айлықты Мбаппеге беруге дайын. 

Мбаппеден бөлек Эрик тен Хаг "Наполи" шабуылшысы Виктор Осимхенді де өз командасында көргісі келеді. Нигериялық шабуылшы үшін "МЮ" қыста 68 миллион еуро ұсынбақ.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport