"МЮ" Роналду кеткеннен кейін алғашқы жеңісіне жетті

22 желтоқсан 2022 14:25
© Instagram/manchesterunited

"Манчестер Юнайтед" Англия лигасы Кубогінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Қызыл сойқандар" турнирдің 1/8 финалында "Бернлимен" кездесті. "Олд Траффорд" стадионында алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті. 27-минутта Кристиан Эриксен есеп ашса, 57-минутта Маркус Рэшворд командасының екінші голын салды.

Осылайша, Эрик тен Хаг ойыншылары әлем чемпионатына арналған үлкен үзілістен кейін алғаш рет Роналдусыз жеңіске жетті.

Еске салайық, Қатардағы мундиаль кезінде Португалия құрамасының капитаны "Манчестер Юнайтедтен" кеткен еді. Қазіргі таңда Роналду клубсыз жүр.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар