"МЮ" Погбаны алмастыратын ойыншы тапты

© Sportbox
Филиппе Коутиньо және Иван Ракитич сияқты испаниялық "Барселонаның" жартылай қорғаушыларына "Манчестер Юнайтед" қызығушылық білдірді, - деп хабарлайды El Mundo Deportivo.

Ақпарат бойынша, каталондық клуб футболшылары Поль Погбаны алмастыратын ойыншылар ретінде қарастырылып отыр.

"МЮ" франциялық ойыншыны жібергісі келмейді, алайда, жағдайдың басқаша өрбуіне ертерек қамданып отыр. Manchester Evening News Sport мәліметінше, футболшы Оле-Гуннар Сульшердің келесі жылғы жоспарында бар екен.

Мұның алдында Погба каталондық клуб басшысы мадридтік "Реалға" өтуіне кедергі жасаса, байкот жариялайтынын айтқан. Сонымен бірге, жартылай қорғаушыға туриндік "Ювентус" те қызығып отыр.

Погбаның англиялық командамен келісімшарты 2021 жылға дейін есептелген. Өткен маусымда футболшы Англия чемпионатынң 35 матчінде 13 гол соғып, тоғыз ассист жасаған.

Бүгінгі таңда Коутиньоның нарықтағы құны 90, Ракитичтікі - 40 миллион еуро. Филиппенің "Барселонамен" келісімшарты 2023,  ал екіншісінің - 2021 жылға дейін.
Өткен маусымда бразилиялық футболшы клубтық деңгейдегі 54 матчта 11 гол соғып, бес нәтижелі пас берген. Хорватиялық 54 ойында бес гол салып, бес ассист жасады. 
Жаңалықтар