"МЮ" - мықты қарсылас, өзге екеуі онша белгілі емес". АЗ бапкері "Астанамен" бір топтағы мүмкініктер жайлы

© footballua.tv
Еуропа лигасының топтық кезеңінде "Астана" англиялық мықты командалардың бірі "Манчестер Юнайтедпен" екі ойын өткізеді. Алайда бұл топтағы сербиялық "Партизан" мен голландиялық "АЗ Алкмар" да оңай қарсыластар емес. Алкмарлықтардың бапкері Арне Слот командасының плей-офф кезеңіне қандай мүмкіндігі барына болжам жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz футбол командасының ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Үш іріктеу раундын өте алсаңыз, онда сізде назар аударарлық бір қарсылас болу керек. Солай боды да, "Манчестер Юнайтедпен" ойнаймыз. "МЮ" өте мықты, өзге екі команда онша белгілі емес. Осы топта шынымен маңызды рөл атқарамыз ба, соны сараптап білуіміз қажет", - дейді голландиялық маман.

Айта кетейік, мұның алдында "МЮ" ойыншысы Рио Фердинанд Қазақстанға сапар ауыр соғатынын айтқан болатын. 

Топтық кезеңде қазақстандық клуб "Манчестер Юнайтедпен" 19 қыркүйекте бірінші ойынын өткізеді. 
Жаңалықтар