Футбол
8 желтоқсан 2021 10:41
 

"МЮ" мен "Ливерпульде" ойнаған. Қазақстандық клуб жаңа бапкер таңдады

  Пікірлер

blog.share

"МЮ" мен "Ливерпульде" ойнаған. Қазақстандық клуб жаңа бапкер таңдады © "Галатасарай" ФК

Испания құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Альберт Риера қазақстандық клубты жаттықтыруы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Испания құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Альберт Риера қазақстандық клубты жаттықтыруы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

Meta-ratings.kz мәліметінше, испаниялық маман Қазақстан премьер-лигасына биыл шыққан "Ақсу" командасымен келіссөз жүргізіп жатыр. 

Риера футболшы кезінде "Мальорка", "Бордо", "Манчестер Сити", "Ливерпуль", "Галатасарай" сияқты командаларда ойнаған. Испания құрамасымен Конфедерация кубогының қоласын иеленген. Ал бапкерлік қызметпен былтыр айналыса бастады - "Галатасарайда" бас бапкердің көмекшісі болды.

Мұның алдында испаниялық маманның інісі Сито Риера "Қайрат" сапында ойнаған. Альберт омбылық орыс қыз Юлия Королеваға үйленген, сондықтан орыс тілін біледі. Шетелдік маманды таңдауда осы фактор шешуші болғанға ұқсайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!