"МЮ-мен" келісімшартын бұзған Роналду мәлімдеме жасады

©thetopflight.com

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштаину Роналду "Манчестер Юнайтедтен" кеткеніне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Англиялық клуб құжат екі жақты келісім бойынша күшін жойғанын хабарлады. Ал Роналду жаңа сынақтың уақыты келгенін айтты. 

"Манчестер Юнайтедпен" келіссөздерден кейін келісімшартты үзу керектігі жайлы екіжақты ортақ шешімге келдік. Мен "Манчестер Юнайтедті" және ешқашан өгермейтін жанкүйрелерді жақсы көремін. Дегенмен, жаңа сынақтың уақыты келгендей. "Манчестер Юнайтедке" бар жақсылықты тілеймін", - деп береді Роналдудың сөзін инсайдер Фабрицио Романо "твиттерде".

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport