"МЮ" қыста Криштиану Роналдуды қаншаға сататыны айтылды

©РИА

"Манчестер Юнайтед" шабуылшы Криштиану Роналдуды қаншаға сататын хабарлады, деп жазады Daily Star порталы. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, ағылшындық команда 37 жастағы футболшыны 11 миллион еуроға сатуы ықтимал. Ал Роналдуды қыста Дэвид Бекхэмнің "Интер Майами" командасы алуға дайын екен. Бұл команда Криштиануға бір маусым үшін 34 миллион еуро жалақы бермек. 

Роналду биылғы маусымда "МЮ" сапында барлық турнирде тоғыз ойынға қатысып, бір гол соқты. Оның ағылшындық командамен келісімшарты 2023 жылғы маусымның соңында аяқталады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport