Ақпарат бойынша, "Пари Сен-Жермен" англиялық клубқа 28 жастағы голкиперді 67,5 миллион еуроға алу туралы ұсыныс жасаған. "МЮ" париждіктердің бұл келісімін қабыл алып, қақпашының өзі келісу үшін ол соммадан 22,5 миллион еуро бермек.
Англиялықтар голкипер келесі жазда клубтан еркін агент ретінде кетіп қалады деп қауіптенуде, сондықтан алдағы трансферлік кезеңде одан құтылмақ. Ал Хеаның өзі "Манчестер Юнайтедте" тағы бір маусым ойнап, еркін келісімшарт бонусын талап етіп, келесі жылы ғана кетпек.
"МЮ" басшылығы 22,5 миллион еуро қақпашының келісіміне жеткілікті деп үміттенуде. Тараптар ұзақ уақыт жаңа келісімшартты талқылап келеді. Де Хеа еңбекақысын көтеруді талап етіп отыр және алда "МЮ" Англия премьер-лигасы мен Чемпиондар лигасында биіктен көріне алмайды деген ойда.
ПСЖ Джанлуиджи Буффон кеткелі жаңа қақпашы іздеуде. Давид де Хеадан бөлек франциялық клуб "Реал" қақпашысы Кейлор Навасты да қарастырып отыр.