Футбол
11 сәуір 2019 10:49
 
"МЮ" футболшысы Чемпиондар лигасы матчінде Мессидің мұрнын бұзып, жазаланған да жоқ

  Пікірлер

blog.share

"МЮ" футболшысы Чемпиондар лигасы матчінде Мессидің мұрнын бұзып, жазаланған да жоқ © Reuters

Англиялық "Манчестер Юнайтед" қорғаушысы Крис Смоллинг Чемпиондар лигасы 1/4 финалы матчінде (0:1) каталондық "Барселона" форварды Лионель Мессидің мұрнын бұзды.

Оқиға 30-шы минутта болды. Смоллинг жоғарыдан келген допқа секіріп, Мессиді шынтағымен қағып жіберді. Аргентиналық бірден құлады. Дәрігерлер біраз уақытқа дейін оның мұрныннан саулаған қанды тоқтата алмады, осыған байланысты матч кезінде бірнеше минут үзіліс болды. 

Алайда матчтің бас төрешісі италиялық Джанлука Рокки оқиға болған сәтте ереже бұзылғанын байқамай, ойынды сол сәтте тоқтатпаған. Сонымен бірге, Смоллингке сары қағаз да көрсетпеді. 

Месси дәрігерлердің көмегінен кейін ғана алаңға оралды. AS.com жазуынша, аргентиналықтың мұрны қатты ісіп, тыныс алуы қиындаған - ол аузымен демалуға мәжбүр болды. Үзіліс кезінде "Барселона" дәрігерлері футболшыны тексеріп, мұрны сынбағанын анықтай алды.

Футболшының кеңсірігі шытынаған болуы мүмкін. Егер солай болған жағдайда Месси бірнеше матчке қатыспайды және сенбідегі Испания чемпионатындағы "Уэскамен" ойында болмайды. Алайда 16 сәуірде Барселонада өтетін "МЮ-мен" қарымтаға дайын болады. 

Жарнама

Живи спортом!