Англиялық "Манчестер Юнайтед" Еуропа лигасы жартылай финалының бірінші матчінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Қызыл сойқандар" Бильбао қаласында "Сан-Мамес Барриа" стадионында "Атлетиктен" 3:0 есебімен басым түсті.
Алғашқы голды 30-минутта Каземиро соқты. 37-минутта Бруну Фернандеш пенальтиден есепті еселей түсті.
45-минутта үшінші гол да Фернандештің еншісіне жазылды.
Айта кетейік, алаң иелері 35-минуттан бастап азшылықта ойнады. Себебі Дани Вивиан "соңғы үміт" фолын жасап, алаңнан қуылды, ал "Атлетик" қақпасына пенальти белгіленді.
Қарымат матч 9 мамырға қараған түні өтеді.
Финал 21 мамырда Бильбаодағы осы стадионда өтеді.
Жарнама