Сербиялық жартылай қорғаушы Зоран Тошич "Тобылдан" кеткеннен кейін жаңа ұжымға ресми таныстырылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Тошич енді грекиялық "ПАС Ламия" командасында ойнайтын болады. 35 жастағы футболшы жаңа клубта 8-нөмірді алды.
Еске салайық, 2021 жылы "Тобылда" ойнай бастаған Тошич қостанайлықтар үшін содан бері 50 матчке қатысып, 11 гол салды және он нәтижелі пас берді. "Тобылмен" бірге ол Қазақстан чемпионы және ел Суперкубогін иеленді.
Айта кетейік, Тошич кезінде англиялық "Манчестер Юнайтед" пен мәскеулік ЦСКА сапында да өнер көрсеткен.