"МЮ-ден" кеткен Роналду екі клуб арасында таңдау жасап жатыр

©instagram.com/cristiano

"Манчестер Юнайтедтен" кеткен Кариштиану Роналду карьерасын қайда жалғастыратынын шешкен жоқ. Қазіргі таңда ол екі клуб арасында таңдау жасап жатқан көрінеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

22 қараша Роналду "МЮ-мен" ортақ бітімге келіп, келісімшартты үзгеннен кейін еркін агент атанды. Футболшының клуб және бас бапкер Эрик тен Хаг туралы ашық сұхбаты келісімшртты үзуге себеп болды. 

Marca мәліметінше, 37 жастағы форвардқа "Ньюкасл" мен "Аль-Наср" көз тігіп отыр. Екі команда да Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мухаммед бен Салмандікі екенін айта кетейік.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport