"МЮ-дегі" атақты ойыншыны Сауд Арбиясына шақырып жатыр

©Reuters

Футболдан Бразилия құрамасының капитаны және "Манчестер Юнайтедтің" жартылай қорғаушысы Каземиро карьерасын Сауд Арабиясында жалғастыруы мүмкін, деп жазады Vesti.kz.

Marca басылымының мәліметінше, футболшыға саудиялық клубтардың бірі ұсыныс жасапты, Каземиро бұл ұсынысты қарастырып жатқан көрінеді. 

Каземиро "Манчестер Юнайтед" сапына 2022 жылы жазда "Реалдан" өткен болатын. Оның англиялық клубпен қазіргі келісімшарты 2026 жылға дейін есептелген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport