Нидерланд құрамасының шабуылшысы Мемфис Депай әлем чемпионаты басталмай тұрып-ақ тарихқа атын жазды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бразилияның "Коринтианс" клубында өнер көрсететін шабуылшы ұлттық құрама сапына шақырту алып, бірегей жетістік авторына айналды.
Шетелдік баспасөздің мәліметінше, Депай Бразилия чемпионатында ойнап жүріп, өз құрамасының әлем чемпионатына арналған тізіміне енген алғашқы еуропалық футболшы болды. Бұл футбол тарихындағы ерекше жағдай саналады. Өйткені әдетте оқиға керісінше өрбиді: бразилиялық ойыншылар Еуропа клубтарына ауысып, сол жақтан ұлттық құрамаларына шақырту алады.
33 жастағы шабуылшы "Коринтианс" клубына 2024 жылы ауысқан болатын. Қысқа уақыт ішінде ол Бразилияның А сериясындағы ең танымал футболшылардың біріне айналды.
Оңтүстік Америкаға қоныс аударғанға дейін Мемфис Депай Еуропаның бірнеше алпауыт клубында өнер көрсетті. Олардың қатарында "Манчестер Юнайтед" пен "Барселона" да бар.
Жарнама