"МЮ"-"Астана" матчі қазақстандық клубтар үшін еурокубоктардағы ең көп адам жиналған ойындар үштігінде

20 қыркүйек 2019 13:55
Reuters©
Еуропа лигасы топтық кезеңінің "Манчестер Юнайтед" - "Астана" арасындағы бірінші тур матчі қазақстандық клубтардың еурокубоктардағы ең көп адам жиналған ойындар үштігіне кірді, - деп хабарлайды KazFootball.kz.

"Олд Траффорд" стадионында өткен матч 50 783 көрермен жинады, бұл аренаның 68 пайызы.

Көрермен ең көп жиналған матч 2017 жылы Шотландияда өткен "Селтик" пен "Астана" кездесуі болып отыр - 54 016 адам.

Ең көп көрермен жинаған ойындар:
1. "Селтик" - "Астана" - 54 016 көрермен (16.08.17);
2. "Селтик" - "Астана" - 52 952 (03.08.16);
3. "Манчестер Юнайтед" - "Астана" - 50 783 (19.09.19);
4. "Селтик" - "Шахтер" - 50 063 (28.08.13);
5. "Атлетико" - "Астана" - 33 853 (21.10.15).

Еске салайық, "Астана" "Олд Траффорд" стадионында алаң иелеріне қарсы 72 минут қарсы тұрып, 0:1 есебімен ұтылды.