Италия құрамасының бас бапкері Роберто Манчини париждік клубқа ауысқан Джанлуиджи Доннаруманың деңгейіне қатысты жоғары бағасын берді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Ол "Манчестер Ситиге" қарсы өте тамаша ойын өрнегін көрсетті. Доннарума – әлемнің ең үздік қақпашысы. ПСЖ сапында Доннарумдан басқа тағы бір мықты қақпашының барына қарамастан, біздің бала клубтың негізгі кипері болуы тиіс", - дейді Манчини.
Еске салайық, жазғы трансферлік маусымда Франция чемпионатына ауысқан Доннарума ПСЖ сапында ішкі біріншілікте тек екі матчта алаңға шықты. Чемпиондар Лигасының екінші турында италиялық қақпашы "Манчестер Ситимен" өткен кездесуде 90 минут ойнады. Париждіктер қатарында Доннарумадан бөлек, тәжірибелі Кейлор Навас бар.