Мұрат Тілешев "Тұран" командасының спорт директоры қызметіне тағайындалды

©

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы футболшысы Мұрат Тілешев "Тұран" командасының спорт директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. 

Тілешев бүгін ресми түрде түркістандық команда ойыншыларына таныстырылған. 

Айта кетейік, Мұрат Тілешев жамбыл футбол мектебінің түлегі. Ол карьерасында Қазақстанның тоғыз клубында өнер көрсеткен. Үш мәрте (2005, 2008, 2009) ел чемпонатының үздік сұрмергені атанған. Сонымен қатар Қазақстан біріншілігінің үздік шабуылшыларының (148 гол) қатарында. 

Шабуылшы (2003, 2006, 2009) ел біріншілігінің чемпионы атандаған. Ал 2000/2001 жылғы маусымда Қазақстан кубогін, 2010 Қазақстан Суперкубогін жеңген. 

2004-2007 жылдар аралығында ол Қазақстан ұлттық құрамасы сапында сегіз кездесу өткізіп, бір гол соққан. 

Карьерасын аяқтағаннан кейін Тілешев "Шахтер" мен "Ақтөбе" командаларының спорт директоры қызметін атқарған. 

Бұл маманның алдына маусымды сәтті аяқтау деген тапсырма қойылған. 

Еске салайық, 19 турдан кейін "Тұран" командасы 18 ұпай жинап, ішкі біріншілікте 12 орында келеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар